Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Челси" Дастан Сәтпаевқа бәсекелес ойыншы тапты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:00

18 жастағы аргентиналық вингер Иан Субиабре Лондонның «Челси» клубына ауысуы мүмкін.

"Челси" Дастан Сәтпаевқа бәсекелес ойыншы тапты
Дастан Сатпаев. Фото: Fabriziorom

Сәтпаевке бәсекелестік құрайтын ойыншы осы ма?

Soy del Millo басылымының хабарлауынша, лондондық клуб жас футболшы үшін күресте «Барселонаны» артта қалдыруды жоспарлап отыр.

Дереккөздің мәліметінше, «Ривер Плейт» үш түрлі шабуыл позициясында ойнай алатын Субиабремен қоштасуға асығар емес. Аргентиналықтың қазіргі клубымен келісімшарты 2026 жылдың желтоқсанында аяқталады. Бірақ «Ривер Плейт» футболшыға жаңа келісім ұсынбақ. Келесі келісімнің шарты бойынша ойыншының өтемақы құны 100 миллион еуро болмақ. 

Вингер 2024 жылдың ақпанынан бері «Ривер Плейттің» негізгі құрамында өнер көрсетіп келеді. Барлығы 19 матчқа қатысып, бір гол соғып және бір нәтижелі пас берген. Transfermarkt футболшыны 1,2 млн еуроға бағалап отыр.

Айта кетейік, 17 жастағы Дастан Сәтпаев қазірдің өзінде «Челсимен» келісімшартқа қол қойып, келесі жылы лондондық клубқа аттанады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір