Rising Stars порталы Қазақстан құрамасының және «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сатпаевты Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бірінші турының нәтижелері бойынша 23 жасқа дейінгі үздік жас ойыншылардың апта символикалық құрамына қосты.
Айта кетейік, құрам “Барселона”, “Ливерпуль” сияқты клубтардың жас ойыншыларынан жасақталған.
Команда құрамы:
Естеріңізге салсақ, жалпы кезеңнің бірінші турында, сырт алаңдағы ойында «Қайрат» «Спортингтен» 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
1-тур қорытындысы бойынша қазір алматылық ұжым турнирлік кестенің 34-орнында.