
Танымал журналист Ермұхамед Мәулен Қазақстан "Астана" ойыншысы Алекса Аманович Қазақстан азаматтығын алғысы келетінін айтты.
Танымал спорт комментаторың айтуынша “Астана” ұжымының жартылай қорғаушысы Қазақстан азаматтығын алмақшы:
“Бір мәлімет бар, сәл әлсіздеу, кешірім өтінемін. Алекса Аманович Қазақстан азаматтығын алайын деп жатыр. Келесі жылдан бастап ол легионер болып саналмайды”, – деді Ермұхамед Мәулен Fonteam Youtube-арнасында.
Алекса Аманович ҚПЛ-де өнер көрсетіп жүргеніне алты маусым болды. Қазақстан заңы бойынша, азаматтық алу үшін, елімізде бес жыл өмір сүру қажет. Алекса үш маусым “Тобыл” сапында өнер көрсетіп, кейіннен елордалық ұжымға ауысты.
Естеріңізге салайық, Қазақстан футбол федерациясы жаңа реформа дайындап жатыр. Енді келесі жылдан бастап әр ұжымдағы легионерлер саны 2026 жылы 10 легионерден аспау керек болса, 2027 жылы бұл тізім екі ойыншыға азаймақ. 2028 жылы легионер саны әр клубта 6 ойыншыдан аспауы тиіс. Әзірге реформа заңды түрде еңген жоқ, ҚПЛ клубтарына құжат талқылауға жіберілді.