Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Реал" жұлдызы Сәтпаевпен бір клубта ойнауы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:57

25 жастағы форвардтың келісімі 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Алайда тараптар жаңа келісім бойынша біраз уақыт ортақ шешімге келе алмай келеді. 

"Реал" жұлдызы Сәтпаевпен бір клубта ойнауы мүмкін
matchtv.ru

Мадридтік «Реалдың» басты жұлдыздарының бірі Винисиус Жуниор Еуропаның топ клубтарының назарында. Оның ішінде Дастан Сәтпаевтың болашақ командасы саналатын «Челси» де бар.

Сейсенбі күні «Реал Мадрид» Ла Лигада «Левантені» 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұл ойында Винисиус алғашқы голдың авторы атанып, бір нәтижелі пас берді. Ең қызығы — голдан кейінгі қуаныш сәтінде ол клубтың эмблемасын сүйіп, «Реалға» деген адалдығын көрсетті. Бұл қимыл көп жанкүйердің оның әлі де Мадридте қалатынына сенімін арттырды.

Трансферлік интрига

25 жастағы форвардтың келісімі 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Алайда тараптар жаңа келісім бойынша ортақ шешімге келе алмай отыр. «Реал» жалақы ретінде жылына 20 миллион еуро ұсынса, Винисиустың агенттері 30 миллион еуро талап етуде. Дей тұрғанмен, бразилиялықтың «Корольдік клубтан» кетуі әлі нақты емес.

Егер келісімге қол қойылмаса, клуб жұлдыз ойыншыны келесі жазда сатуды қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда футболшыға Премьер-лига гранттары таласатыны анық. Мәселен, «Манчестер Сити» мен «Челси» Винисиусты өз қатарында көргісі келеді.

Айта кетейік, 2024 жылғы «Алтын доп» рейтингінде Винисиус Жуниор екінші орын алған еді. Бұл оның қазіргі таңда әлем футболының ең жарқын жұлдыздарының бірі екенін дәлелдейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір