Футбол
Бөлімдер

Қазақстан құрамасы: Андорра мен Өзбекстанға қарсы кімдер ойнайды?

Денис Мамонов шәкірттері Еуро-2027 іріктеуінде Андорраға қарсы шешуші матч пен Өзбекстанмен екі жолдастық кездесуге дайындықты бастайды.

Қазақстан құрамасы: Андорра мен Өзбекстанға қарсы кімдер ойнайды?
kazfootball.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеуіндегі келесі матчқа дайындықты бастады. Денис Мамонов шәкірттері Андорраға қарсы ресми кездесу мен Өзбекстанға қарсы екі жолдастық ойынды өткізеді.

Қазақстан U-21 құрамасының оқу-жаттығу жиыны 3 қазанда Алматыда басталады. Бас бапкер Денис Мамонов құрамаға 24 ойыншыны шақырды.

Құрамадағы футболшылар

Қақпашылар:

Қорғаушылар:

  • Сұлтан Аскаров, Рамазан Каримов (екеуі де – «Жетісу»),
  • Әли Тұрғанов («Академия Оңтүстік»),
  • Александр Мрынский («Қайрат»),
  • Әлихан Серікбай («Каспий»),
  • Темірлан Мұрзагалиев, Никита Губарев (екеуі де – «Қайсар»),
  • Бақтияр Төлеуов («Ertis»).
Құрамадағы футболшылар
Фото: kff.kz

Жартылай қорғаушылар:

Шабуылшылар:

Ал резервтегі ойыншылар тізімі мынадай: Санжар Ерниязов («Хан-Тәңірі»), Эльхан Саидов («Шахтер»), Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»), Мохаммед Енсебаев («Ertis»), Біржан Тоқтыбай («Академия Оңтүстік»), Артем Литош («Шахтер»).

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеуін Андорраға қарсы жеңіспен (1:0) бастаған еді, бірақ екінші турда Англиядан (0:2) ұтылды.

Енді 9 қазанда Қазақстан U-21 құрамасы Андорра-ла-Веллада алаң иелеріне қарсы үшінші матчына шығады. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады.

Одан кейін Мамоновтың шәкірттері Ташкентке жол тартып, 12 және 14 қазанда Өзбекстан жастар құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U21