Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Винисиус «Қайрат» – «Реал» матчы алдында сотта жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:54

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Винисиус Жуниор Ла-Коруньялық кәсіпкермен сот дауын жеңіп шықты. 

Винисиус «Қайрат» – «Реал» матчы алдында сотта жеңіске жетті
newsbytesapp.com

Сауда белгісіне қатысты дау

Даудың мәні — футболшының есімімен байланысты брендті тіркеу. Кәсіпкер 2018 жылдың қарашасында «Vinicius» атауын өзіне рәсімдеген. Алайда деректерге сүйенсек, Винисиустың өзі Vinicius Jr сауда маркасын бұдан бір жыл бұрын-ақ тіркеп қойған.

Жауапкердің айтуынша, 2018 жылы Винисиус әлі танымал болмағандықтан тұтынушылар брендті футболшымен байланыстырмайды. Бірақ Ла-Корунья соты және провинциялық сот бұл уәждерді жоққа шығарып, футболшының талабын толық қанағаттандырды.

Сонымен қатар кәсіпкердің есімнің шығу төркінін Рим империясының тарихымен және өз әулетімен байланыстыруы да 2023 жылы қабылданбаған еді.

Нәтижесінде сот бизнесменді сауда белгісін жоюға және Винисиустың сот шығындарын өтеуге міндеттеді.

«Қайрат» – «Реал» матчы алдында

Бұл жаңалық УЕФА Чемпиондар лигасы ойыны қарсаңында белгілі болды. 30 қыркүйекте Алматыда «Қайрат» пен «Реал» кездеседі.

Еске сала кетсек, қазақстандық клуб негізгі кезеңдегі алғашқы матчында «Спортингтен» 1:4 есебімен жеңілген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір