Қызылордада ашылған жаңа футбол стадионы қоғамда қызу пікірталас тудырды.
Sports.kz хабарлауынша, 11 мың көрерменге арналған "Қайсар Арена” 20,9 миллиард теңгеге (шамамен 38,5 млн доллар) салынған. Бұл стадион жергілікті "Қайсар" командасының алаңы болады.
Стадионның құрылыс кезеңінде де бірқатар мәселелер туындаған. Жобаны мамыр айына дейін тапсыру жоспарланғанымен, жаз ортасына қарай ол әлі толық аяқталмаған, сыртқы көрінісі бұрын салынған "Түркістан Аренаға” өте ұқсас, табиғи шөп орнына жасанды газон қолданылған, клубтың логотиптері мейрамхана немесе трибуналарда көрінбеген.
Жаңа стадионның таныстырылым видеосы Instagram желісінде үлкен талқыға түсті. Көпшіліктің негізгі сын-пікірлері мыналар:
Жалпы пікірлерде стадионның құрылыс сапасы, дизайны мен жасанды газоны қатты сынға алынды. Көпшілік үшін басты мәселе – осындай қымбат жобаның сапасының күмәнді болуы және болашақта қосымша қайта жөндеу жұмыстарын қажет етуі.
Қызылордадағы жаңа стадион жайлы пікірлер футбол жанкүйерлері мен қоғамда қызу талқыланып, құрылыс сапасы мен шығын тиімділігін тексеру талабы қоғам тарапынан күшейіп отыр.