Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ермұхамед Мәулен: "ҚПЛ легионері Қазақстан азаматтығын алайын деп жатыр"

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:35

Танымал журналист Ермұхамед Мәулен Қазақстан "Астана" ойыншысы Алекса Аманович Қазақстан азаматтығын алғысы келетінін айтты.

Алекса Аманович. Фото: "Астана" футбол клубы
Реклама
Реклама

Танымал спорт комментаторың айтуынша “Астана” ұжымының жартылай қорғаушысы Қазақстан азаматтығын алмақшы:

“Бір мәлімет бар, сәл әлсіздеу, кешірім өтінемін. Алекса Аманович Қазақстан азаматтығын алайын деп жатыр. Келесі жылдан бастап ол легионер болып саналмайды”, – деді Ермұхамед Мәулен Fonteam Youtube-арнасында.

Алекса Аманович ҚПЛ-де өнер көрсетіп жүргеніне алты маусым болды. Қазақстан заңы бойынша, азаматтық алу үшін, елімізде бес жыл өмір сүру қажет. Алекса үш маусым “Тобыл” сапында өнер көрсетіп, кейіннен елордалық ұжымға ауысты.

Жаңа реформа болуы мүмкін

Естеріңізге салайық, Қазақстан футбол федерациясы жаңа реформа дайындап жатыр. Енді келесі жылдан бастап әр ұжымдағы легионерлер саны 2026 жылы 10 легионерден аспау керек болса, 2027 жылы бұл тізім екі ойыншыға азаймақ. 2028 жылы легионер саны әр клубта 6 ойыншыдан аспауы тиіс. Әзірге реформа заңды түрде еңген жоқ, ҚПЛ клубтарына құжат талқылауға жіберілді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары