Денис Мамонов шәкірттері Еуро-2027 іріктеуінде Андорраға қарсы шешуші матч пен Өзбекстанмен екі жолдастық кездесуге дайындықты бастайды.
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеуіндегі келесі матчқа дайындықты бастады. Денис Мамонов шәкірттері Андорраға қарсы ресми кездесу мен Өзбекстанға қарсы екі жолдастық ойынды өткізеді.
Қазақстан U-21 құрамасының оқу-жаттығу жиыны 3 қазанда Алматыда басталады. Бас бапкер Денис Мамонов құрамаға 24 ойыншыны шақырды.
Қақпашылар:
Қорғаушылар:
Жартылай қорғаушылар:
Шабуылшылар:
Ал резервтегі ойыншылар тізімі мынадай: Санжар Ерниязов («Хан-Тәңірі»), Эльхан Саидов («Шахтер»), Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»), Мохаммед Енсебаев («Ertis»), Біржан Тоқтыбай («Академия Оңтүстік»), Артем Литош («Шахтер»).
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеуін Андорраға қарсы жеңіспен (1:0) бастаған еді, бірақ екінші турда Англиядан (0:2) ұтылды.
Енді 9 қазанда Қазақстан U-21 құрамасы Андорра-ла-Веллада алаң иелеріне қарсы үшінші матчына шығады. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады.
Одан кейін Мамоновтың шәкірттері Ташкентке жол тартып, 12 және 14 қазанда Өзбекстан жастар құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді.