Семейде заманауи футбол стадионы бой көтермек.
Абай облысы әкімінің орынбасары Серік Туленбергеновтің айтуынша, жұмыстар свай іргетасынан басталды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
Бұған дейін өңір басшысы Бері Уәли бастапқы арена жобасы қайта қаралғанын атап өткен: ескі «Пищевиктің» орнында 12 мың көрерменге арналған құрылыс салу жоспарланған еді, алайда стадион жаңа ықшамауданда бой көтеріп, орын саны 20–22 мыңға дейін ұлғайтылды. Кейіннен сыйымдылық ақырғы түрде 25 мың орын деңгейінде бекітілді. Құрылыс жұмыстарына KazMinerals компаниясы қаржы бөледі.
Қазіргі таңда Семей қаласынан ҚПЛ да “Елімай” командасы өнер көрсетеді. 23 турдан кейін семейлік ұжым 39 ұпаймен бесінші орында келе жатыр.