
Ұлттық құраманың және «Ахмат» ФК ойыншысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының (РПЛ) 10-туры аясындағы «Акронға» қарсы кездесуде жарақат алып, алаңнан ерте кетуге мәжбүр болды.
Aladop.kz хабарлағандай, матч барысында Самородов бел тұсынан жарақат алды.
«Қазақ футболшысы ойын кезінде арқа жарақатына тап болды. Бас бапкер Станислав Черчесов оны осы себепті ауыстырған болуы мүмкін. Қазір Самородовтың нақты жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ», – делінген хабарламада.
Алайда Самородовсыз да «Ахмат» сенімді жеңіске жетті.«Акронның» қақпасына жауапсыз үш гол соғылды (3:0).
Самородов РПЛ-да осы маусымда 10 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген.
Бұл – жартылай қорғаушының Ресей чемпионатындағы екінші толыққанды маусымы.
Жас ойыншы «Ахматтың» негізгі құрамында тұрақты ойнап жүр. Сондықтан оның жарақаты клуб үшін де, Қазақстан құрамасы үшін де ауцр соғатыны анық.
Жарақат Самородов үшін ыңғайсыз уақытта болды. Қазан айында ұлттық құрама әлем чемпионаты-2026 іріктеуінде шешуші матчтарын өткізеді:
Бұл кездесулерде Қазақстан құрамасы үшін әр ұпай алтынмен тең. Сондықтан Самородовтың алаңға шығуы команда жанкүйерлері үшін басты интригаға айналды.