
«Астана Аренада» өткен Қазақстан Премьер-Лигасының (ҚПЛ) 24-тур ойыны голға толы шоуға айналды. «Жеңіс» пен «Тұран» арасындағы тартысты кездесуде жанкүйерлер бірден тоғыз гол тамашалады, оның ішінде екі футболшы тайм ішінде дубль авторы атанды.
Алғашқы 45 минут нағыз шабуыл спектакліне айналды. 8-минутта Дінмұхамед Қараман есеп ашты. Араға сегіз минут салып тағы бір гол соғып, дубль жасады. Одан әрі Всеволод Садовский көзге түсті. 24-минутта қонақтар сапынан Солодовников бір голын қайтарды. 27-минутта Садовский дубль рәсімдеді. Үзіліскк үш минут қалғанда Мартинс айырмашылықты ұлғайтты – 5:1.
Бірақ «Тұран» беріле қойған жоқ: 43-минутта Перцух – 5:2, ал 45+2-де Чирков меигендік танытты. Осылайша бірінші тайм 8 голмен аяқталды .
Екінші таймда қарқын бәсеңдеді. Қос команда да қорғанысқа көбірек көңіл бөлгенімен 88-минутта Зураб Тевзадзе гол соғып, матчқа нүкте қойды.
«Жеңіс» осы матчтан кейін 34 ұпай жинап, турнир кестесінде 6-орынға көтерілді. Ал «Тұран» небәрі 16 ұпаймен соңғы орында қалып отыр.