Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Зенит» Нұралы Әліпті атқа отырғызды

Сарапшы, спорт журналисі
28.09.2025, 12:30

Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпті тарихи жетістігімен құттықтады.

instagram/@nurik028
Реклама
Реклама

100-ші ойынға арналған ерекше сыйлық

10-турдағы РПЛ ойынында «Оренбургке» қарсы матч (есеп – 5:2) қазақстандық футболшы үшін «Зенит» сапындағы 100-ші кездесуі болды.

Клуб әріптестері оған тосынсый әзірлеп, әлеуметтік желіге бейнеролик жүктеді. Онда Әліптің эмоциясы мен командаластарымен әңгімесі көрсетілген:

— «Братишка! Менде 100 матч екен. Неге ескертпедіңдер?»
— «Нурик, біз арнайы сурет дайындадық, қазір көрсетеміз».
— «Рахмет, бауырымдар!»

Суретте Нұралы ат үстінде бейнеленіп, үстінен оның «Зенит» сапындағы ойындарының саны жарқырап тұр.

Әліптің жетістігі

Қорғаушы 2023 жылы «Қайраттан» «Зенитке» ауысқан болатын. Өткен маусымда ол 29 матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары