
Сауд Арабиясының танымал клубы «Әл-Иттихад» күтпеген шешім қабылдады. Клуб басшылығы тәжірибелі француз маманы Лоран Бланмен келісімшартты үзді.
Лоран Блан «Әл-Иттихадтың» бас бапкері қызметіне 2024 жылдың 13 шілдесінде тағайындалды. Осы уақыт аралығында ол командамен бірге 46 матч өткізіп, оның ішінде:
Өткен маусымда Блан шәкірттері Сауд Арабиясының чемпионатын ұтып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Оның жетекшілігімен клуб ел футболында айтарлықтай із қалдырды.
Жаңа маусым да жаман басталмаған еді. 4 турдан кейін «Әл-Иттихад» 9 ұпай жинап, турнир кестесінде 3-орынға жайғасты. Дегенмен клуб басшылығы мен бапкердің ішкі көзқарастары мен даму стратегиясындағы келіспеушіліктер тараптардың қоштасуына себеп болды.
Қазір команданы алдағы матчтарға кім дайындайтыны туралы ресми ақпарат жоқ.