Реклама
Реклама

FIFA пенальтидің ережесін өзгертуді көздеп отыр

Сарапшы, спорт журналисі
29.09.2025, 08:36

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (FIFA) айып добын тебу ережесін өзгертуі мүмкін, деп хабарлайды Report.

Сүрет: ашық дереккөздерден

Айып добын орындайтын футболшыларға доп қақпадан қайтқаннан кейін немесе қақпашы қайтарғаннан кейін оны қайта соғуға тыйым салу жоспарланып отыр. Алайда ережеге енгізілетін бұл өзгерістер доп қақпа бағанасына тигеннен кейінгі әрекетті реттемейді.

Бұл ереженің күшіне енуі үшін оны Халықаралық футбол ассоцациясы кеңесі (IFAB) мақұлдап, содан кейін практикалық сынақтан өтуі керек екені атап өтілді.

Сондай-ақ FIFA әлем чемпионатына қатысушылардың санын көбейтуді көздеп отыр.

Реклама
Реклама