Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Ақтөбе" капитаны басқа топ-клубқа ауысқалы жатыр

Сарапшы, спорт журналисі
29.09.2025, 09:45

Әлібек Қасым мансабын ҚПЛ-дың басқа ұжымында жалғастыруы мүмкін.

Сүрет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

27 жастағы орталық қорғаушы маусым соңында командадан кетеді деп күтілген Александр Марочкин орнына “Астанаға” ауысып баруы ықтимал.

Әлібек “Ақтөбе” ұжымында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Содан бері ол қызыл-ақтар сапында 102 матч өткізіп, 19 гол мен 6 голдық пас берді.

Соңғы кездері “Ақтөбе” жанкүйерлерінің Қасымға көз қарасы екі түрлі болып жүр. Бірі капитанды соңына дейін қолдап жатса, енді бірі Әлібектің деңгейі нашарлағанын алға тартуда. Оның үстіне қорғаушы “Қайратпен” болған мамырдағы ойыннан кейін “Ақтөбенің” 11 кездесуін өткізді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары