Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Паулу Бенту Өзбекстан футбол құрамасын басқаруы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
29.09.2025, 11:24

Өзбекстандық БАҚ өкілдері португалдық маманның Ташкентке келгенін жеткізді.

Паулу Бенту
Реклама
Реклама

Соңғы рет Оңтүстік Корея құрамасында қызмет атқарған Бенту Өзбекстан Футбол Қауымдастығымен келіссөздер жүргізбек. Егерде қос тарап қол алысатындай жағдай болса, миллийлер жаһан чемпионатына жаңа бапкермен аттанбақ.

Бұған дейін құрама команда Германияның экс-бапкері Йоахим Лев пен әлемге әйгілі қорғаушы Фабио Каннаваромен байланыс орнатқан болатын. Алайда қос маман Өзбекстанды жаттықтырудан бас тартты.

56 жастағы Паулу Бентудың құрамалардағы бапкерлік қызметтегі тәжірибесі мол. Оның тізгінінде Португалия құрамасы Еуро-2012 турнирінде қола жүлдегер атанды. Одан тағысы, Оңтүстік Кореяны Катардағы Әлем чемпионатының 1/8 финалына шығарды.

Айтпақшы, Өзбекстан құрамасы қыркүйек айының басында Паулуға ұсыныс жасаған еді. Бірақ ол кезде бапкер себебін айтпастан, команданы жаттықтырудан бас тартты.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары