
Мадридтің «Реалы» мен Испания құрамасының бұрынғы қақпашысы, футбол тарихындағы аңыз есімдердің бірі Хосе Аракистайн 88 жасында өмірден өтті.
Клуб қайғыға ортақтасып, ресми мәлімдеме жасады:
«Реал Мадрид» футбол клубы, оның президенті және директорлар кеңесі тарихымыздағы ең ұлы қақпашылардың бірі Хосе Аракистайнның қазасына терең қайғырады. Біз марқұмның отбасына, командаластарына және барлық жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз».
1961/62 жылғы маусым қорытындысы бойынша ол қақпашыларға берілетін ең беделді жүлде — Рикардо Самора трофейін иеленді.
Испания құрамасында 6 матч өткізіп, 1962 жылғы әлем чемпионатына қатысты.