Реклама
Реклама

Билеттерге қатысты жанкүйерлерге қуанышты жаңалық жетті

Сарапшы, спорт журналисі
29.09.2025, 15:46

Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Реалдың» кездесуіне билеттерін онлайн сатып алған жанкүйерлер ақыры құжаттарын қолына алды.

kazfootball.kz

Тарихи ойынды тамашалау мүмкіндігі нақты расталды

Көптен күткен тикеттер ойын басталардан бірнеше сағат бұрын иелерінің электронды поштасына жеткізілді. Әрбір билет QR-кодпен жабдықталған.

Ұйымдастырушылар билет алғандарға ескерту жасады:

«Құжатты үшінші тұлғаларға жолдауға болмайды. QR-кодты алаяқтар өзгертсе, билеттің күші жойылып, ойынды тамашалау мүмкіндігінен айырылып қаласыз».

Жанкүйерлердің жауапкершілігі

Футбол мерекесін асыға күткен жанкүйерлер үшін бұл ескерту аса маңызды. Себебі «Реалды» көру мүмкіндігі – бірегей тарихи сәт. Билет иелеріне оны қорғау және тек жеке пайдалану қажеттілігі тағы бір мәрте қатаң ескертілді.

Реклама
Реклама