Қазақстан ұлттық футбол құрамасының тізгінін польшалық маман Михал Пробеж ұстады.
YouTube-тағы Moc Futbolu бағдарламасында журналист Матеуш Боректің мәлімдеуінше, бұрынғы Польша құрамасының бас бапкері Қазақстан футбол федерациясымен келісімге келген. Бұл туралы kanalsportowy.pl жазды.
«Пробеж Қазақстан құрамасын жаттықтыруға келісті. Ресми растау жақын күндері жариялануы мүмкін, бірақ келісімшарттың егжей-тегжейі әзірге құпия сақталып отыр», — деді Борек.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасын басқарған Әли Әлиев Бельгия құрамасынан (0:5) ойсырай ұтылғаннан кейін өз еркімен қызметінен кеткен. Бұл матч 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен.
Михал Пробеж 2023 жылдан 2025 жылға дейін Польша ұлттық құрамасын баптаған. Бұған дейін ол негізінен өз еліндегі клубтарда жұмыс істеген, ал Польшадан тыс жаттықтырған жалғыз командасы — Грекияның «Арис» клубы.
Жаңа бапкердің басты міндеті — Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде жаңа деңгейге көтеру болмақ.