Себеп - бас бапкерлікке үміткердің алдыңғы бапкерлерге ұқсастығы.
Өзбекстандық журналист Яхъяхожа Улугходжаев Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына үміткер поляк маманы Михал Пробеж жайлы әзілмен пікір білдірді.
Өзбек журналисі бапкердің таз басын әжуалап, бұрынғы бас жаттықтырушылар Магомед Адиев, Михаил Черчесов және Али Алиевті еске алды.
«Қазақстан құрамасын тағы бір таз бапкер басқарайын деп тұр», — деп жазды ол өзінің «Konkret» телеграм-арнасында.
Бұған дейін поляк басылымдары бұрын Польша құрамасын басқарған Пробеж Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін екенін хабарлаған еді. Тараптар келісімшарттың шарттарын келіскені туралы да ақпараттар болды.
Айта кетейік, кеше ғана Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметіне италиялық маман Фабио Каннаваро тағайындалған болатын.