
Бірақ бұл дарынды ойыншы Сәтпаевпен бір академияда тәрбиеленді
Түркияның Hayatımız Futbol атты әлеуметтік желідегі парақшасы болашағынан зор үміт күттіретін қазақстандық футболшыны атады.
Аталған ресурс мәліметінше, 18 жастағы «Қайрат» клубының және Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Багдат – болашағы бар ойыншылардың бірі.
«Рамазан Багдатты «Қайрат» клубының жастар академиясы жүйесі арқылы біртіндеп негізгі құрамға бейімдеуді жоспарлап отыр.
184 см бойлы 18 жастағы шабуылшы әуедегі дуэльдерде жақсы ойнайды.
Жылдамдығы мен ақылға қонымды жүгірістері арқылы қарсыластарын қиын жағдайға қалдырады, арқасымен қақпаға қарай ойнауда шебер және әлсіз аяғын — яғни сол аяғын — тиімді пайдалана алады.
Үлкен болашағы бар дарынды ойыншы», — деп жазды Hayatımız Futbol.
Естеріңізге салсақ, биылғы маусымда Рамазан ҚПЛ-да дебют жасап үлгерді. 13 ойында жас шабуылшы 3 гол соғып үлгерді. Чемпиондар лигасында Бағдат қосалқы құрамнан шығып, 3 ойынға қатысқан болатын.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Қайрат» клубының және жалпы қазақстандық футболдың басты жас жұлдызы — 17 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаев, оның трансферлік құқықтары ағылшынның «Челси» клубына тиесілі.