Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Лионель Месси Әлем чемпионатына қатыса ма? Футболшы жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі
03.11.2025, 10:31

Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуы неге байланысты болатынын айтып, Солтүстік Америкада өтетін турнирден не күтетінін бөлісті.

Getty Images
Реклама
Реклама

«Интер Майами» командасының капитаны және шабуылшысы Лионель Месси АҚШ, Канада және Мексикада 2026 жылдың жазында өтетін келесі әлем чемпионатында ойнауға әлі де үлкен ықыласы бар екенін мойындады.

«Ең алдымен — ниет. Ол бар және өте зор. Бірақ өзімді жақсы сезіну де маңызды, командаға пайда әкеліп, бар мүмкіндігімді көрсетуім керек», — деді Месси журналист Фабрицио Романоға берген сұхбатында.

«Бұл ерекше турнир болады»

Футболшының айтуынша, алдағы мундиаль ерекше өтеді, өйткені ойындардың бір бөлігі оның қазіргі тұратын қаласы — Майамиде болады.

«Ұлттық құраманың намысын қорғау — әрдайым ерекше сезім. Ал әлем чемпионатында ойнау — тіпті ерекше. Менің ойымша, турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылады, бірақ АҚШ, Канада және Мексика арасындағы ұшулар шаршатуы мүмкін. Дегенмен, әлем чемпионатында тағы да ойнап, біз жеңіп алған титулды қорғау — керемет болар еді», — деді Месси.

Еске салайық: 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатында Месси бастаған Аргентина құрамасы финалда Францияны пенальти сериясында жеңіп, алтын медаль иеленген болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары