Реклама
Реклама

Еркін Тапаловтың "Қайраттағы" болашағы белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
07.11.2025, 09:00

Еркін Тапалов “Қайратпен” келісімін 2027 жылға дейін ұзартты.

Еркін Тапалов. Фото: "Қайрат" ФК

Еркін Тапалов "Қайрат" жейдесін тағы бір жыл бойы кимек.

32 жастағы футболшы бұған дейін клубпен бір жылдық келісімшартқа, яғни маусым соңында ұзарту мүмкіндігі бар шартқа қол қойған еді. Алайда Тапалов биылғы маусымда барлық турнирлерде команданың матчтарының 50 пайызынан астамына қатысқандықтан, келісімшарт автоматты түрде 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды.

Осылайша, тәжірибелі қорғаушы алдағы екі маусымда да Алматылық команданың намысын қорғайды.

Реклама
Реклама