Александр Широбоков Чемпиондар лигасында дебют жасағаннан кейінгі өз ойын айтты.
Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Александр Широбоков Чемпиондар лигасы аясында өткен «Интерге» қарсы матчтағы жанкүйерлердің қолдауы туралы әсерімен бөлісті.
«Біздің елімізден келген жанкүйерлерді осыншама көп көру өте қуанышты болды, қолдау керемет еді. Біз шын жүректен ризамыз, жанкүйерлердің дауысы жақсы естілді. Тағы да айтамын, бұл өте жағымды әсер қалдырды», — деді Широбоков.
Сондай-ақ футболшы Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмұрза сияқты Чемпиондар лигасындағы дебюттен кейін әлеуметтік желілерде танымал болу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді:
«Білмеймін, онша ерекше ештеңе істеген жоқпын ғой. Айтпақшы, қазір 10 жазылушы қосылды — көреміз. Бірдеңе істеу керек шығар, бәлкім қақпаға тұрып көремін, сонда, мүмкін, көлік берер (күліп)», - деді Александр Meta-ratings.kz берген сұхбатында.
Широбоков Чемпиондар лигасында «Интерге» қарсы матчта дебют жасады. Кездесу миландықтардың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Төрт турдан кейін «Интер» 12 ұпаймен топта көш бастап тұр, ал «Қайраттың» еншісінде бір ұпай бар. Келесі матчты алматылықтар 26 қараша күні сырт алаңда «Копенгагенге» қарсы өткізеді.