Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайсар" алдағы маусымда легионерлерге үміт артады

Сарапшы, спорт журналисі
07.11.2025, 16:01

Өткен маусымда қызылордалық клуб тек қазақстандық ойыншылармен өнер көрсеткен еді.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубының жаңа иесі, кәсіпкер Исламғали Қозбақов алдағы маусымдағы трансферлік саясат туралы айтып, легионерлерді тек қажет жағдайда шақыратынын мәлімдеді.

«Командада легионерлер бола ма? Иә, бірақ таңдау өте мұқият жүргізіледі. Легионер біздің ойыншылардан мықты болуы, пайда әкелуі және үлгі көрсететін деңгейде болуы тиіс. Біз сан үшін ғана ойыншы алмаймыз. Әр шетелдік футболшы – стратегиялық инвестиция болады», — деді Қозбақов KazTAG тілшісіне берген сұхбатында.

Биылғы маусым қорытындысы бойынша «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасы тарихында алғаш рет бірде-бір легионерсіз толық маусымды өткізіп, соған қарамастан лигадағы орнын сақтап қалған еді.

Қызылордалық клуб маусымды 22 ұпаймен аяқтап, турнир кестесінде 11-орынға тұрақтады.

Исламғали Қозбақов клубты сатып алғаннан кейін, «Қайсар» елдегі алғашқы жекешелендірілген футбол клубы мәртебесін иеленді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары