Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Дастан Сәтпаев – маусымның ең құнды ойыншысы, Темірлан Анарбеков – үздік қақпашы

Сарапшы, спорт журналисі
10.12.2025, 22:48

2025 жылғы маусым қорытындысында “KFF League Awards” жүлдегерлері анықталды. Ең басты жеке марапат – маусымның ең құнды ойыншысы (MVP) атағын алматылық «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев иеленді.

instagram/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

“KFF League Awards” жүлдегерлері: негізгі нәтижелер

Әлеуметтік желілерде лауреаттар тізімі жарияланды. Ең көп талқыланған номинациялар төмендегідей:

Дастан Сәтпаев – ҚПЛ-2025 маусымының MVP ойыншысы

Алматылық клубтың жас форварды чемпионаттағы барлық 26 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Бұл екі көрсеткіш бойынша да Сәтпаев үздік үштікке енді. Сонымен қатар “Маусымның үздік жас ойыншысы” номинациясын да жеңіп алды.

Сұрмерген және “Жыл серпілісі”: кімдер топ жарды?

Назми Грипши – үздік сұрмерген

Бомбардирлік бәйгеде «Астана» сапындағы 28 жастағы албаниялық жартылай қорғаушы Назми Грипши ерекшеленді. Ол маусымда 16 гол соғып, ең нәтижелі ойыншы атанды.

Дәурен Жұмат – “Жыл серпілісі” номинациясының жеңімпазы

Көкшетаулық «Оқжетпес» жартылай қорғаушысы Дәурен Жұмат “Жыл серпілісі” атағын алды. 26 жастағы футболшы 26 ойында 12 гол соғып, 2 ассист жасады. Соның арқасында Қазақстан құрамасында дебют өткізді.

Темірлан Анарбеков – маусымының үздік қақпашысы

Үздік қақпашы жүлдесі Темірлан Анарбековке бұйырды. Маусымның алғашқы бөлігінде «Қайраттың» негізгі голкипері Александр Заруцкий болғанымен тамыз айында жарақат алып, саптан шықты. Осыдан кейін қақпада 22 жастағы Анарбеков тұрақты ойын тәжірибесін жинап, өз мүмкіндігін толық пайдаланды.

Анарбековтың ҚПЛ-2025 көрсеткіші:

  • Матч: 10
  • “Құрғақ” матч: 7
  • Қақпаға дәл соққыларды қайтару пайызы: 87%
  • Мәртебе: Қазақстан құрамасының қақпашысы

Үздік бапкер: Рафаэль Оразбахтиннің тарихи жетістігі

Маусымның үздік жаттықтырушысы атағы 47 жастағы қазақстандық маман Рафаэль Оразбахтинге берілді. Ол «Қайратты» қатарынан екінші рет чемпиондыққа жеткізіп, командасының тұрақты нәтижесін бекіте түсті.

Позициялар бойынша үздіктер: Қазақстан құрамасының ойыншылары көш бастады

Сыйлық қорытындысында алаңдағы позициялар бойынша да үздіктер анықталды. Айта кетерлігі – үш номинацияның үшеуінде де Қазақстан құрамасының футболшылары жеңіске жетті:

  • Үздік қорғаушы: Бағдат Қайыров («Ақтөбе»)
  • Үздік жартылай қорғаушы: Ғалымжан Кенжебек («Елімай», Семей)
  • Үздік шабуылшы: Ислам Чесноков («Тобыл», Қостанай)
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары