10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстанда жаңа футбол маусымы қашан басталады?

Сарапшы, спорт журналисі
10.01.2026, 14:56

Жаңа маусым Қазақстан суперкубогынан басталмақ.

ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) турнирлерді ұйымдастыру жөніндегі директоры Бақытжан Пазылхайыр AmanVIBE YouTube-арнасына берген сұхбатында Қазақстан Суперкубогының өтетін күнін, сондай-ақ ҚПЛ-2026 маусымының басталу және аяқталу мерзімдерін атады.

"Біз жаңа жылға дейін клуб басшыларымен жиналыс өткізіп, ескерттік: "Әріптестер, біздің жоспарымыз бойынша 28 ақпанда Суперкубокпен маусымды бастағымыз келеді. Бұл чемпионаттың бастауы болғандықтан, оны Астанада өткізуді жөн көрдік".

ҚПЛ наурыздың басында басталмақ

"Алғашқы тур 7–8 наурыз күндеріне жоспарланған. Бұдан бөлек, ФИФА-ның халықаралық үзілісіне дейін үш тур өткізуді көздеп отырмыз. Соңғы турларға қатысты әзірге талқылаулар жүріп жатыр — жуырда ұлттық құрамалар департаментінің директорымен бұл мәселені талқылап, олардың ұсыныстарын тыңдадық. Чемпионаттың ортасында жолдастық матчтар өтеді, сондай-ақ Ұлттар лигасы бар. Осы факторлардың барлығын ескере отырып, маусымды қарашаның басында аяқтаймыз деп ойлаймын. Мерзімі осы маусыммен шамалас, бірақ сәл кешірек болуы да мүмкін", – деді Пазылхайыр.

Айта кетейік, жаңа маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 16 команда өнер көрсетеді. Элиталық лигаға жаңадан қосылған клубтар – «Каспий», «Ертіс» және «Алтай».

Қазақстан Суперкубогының финалында ҚПЛ-2025 чемпионы «Қайрат» пен Қазақстан Кубогы-2025 жеңімпазы «Тобыл» кездеседі.

Оқи отырыңыздар: 

"Ақтөбе" "Қайраттың" экс-ойыншысынан бас тартты;

"Тобыл" шабуылшысы мансабын Өзбекстанда жалғастырмақ.

Реклама
Реклама