10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"МЮ" тізгінін клубтың экс-ойыншысы ұстады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:21

Жаңа бапкер 2018–2021 жылдары клубтың жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген. 

sovsport.ru

«Манчестер Юнайтед» биылғы маусымның соңына дейін команданы тізгіндейтін бапкерге қатысты шешім қабылдады. 

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 44 жастағы ағылшын маманы Майкл Каррик «қызыл сойқандардың» уақытша бас бапкері ретінде келісімшартқа қол қойған.

«Кеше ауызша келісімге қол жеткізілді. Бапкерлер штабына қатысты барлық мәселе шешілді. Майкл Каррик қазірдің өзінде Каррингтондағы базада жүр, келесі ресми қадам — клубтың ресми хабарламасы», — деп жазады Романо.

«МЮ»-ге қайта оралу

Майкл Каррик бұған дейін де «Манчестер Юнайтедте» бапкерлік қызмет атқарды. Ол 2018–2021 жылдары клубтың жаттықтырушылар штабында жұмыс істеді. Кейін «Мидлсброның» бас бапкері болды.

Каррик футболшы ретінде де «МЮ» тарихында айтарлықтай із қалдырған ойыншы. Сонымен қатар, «Тоттенхэм Хотспур», «Вест Хэм», «Бирмингем» мен «Суиндон Таун» клубтарының намысын қорғаған.

Оқи отырыңыздар: 

"Ордабасының" экс-президентіне қатысты қылмыстық іс не болды?

ҚПЛ клубынан ойыншылар жаппай кетіп жатыр

Қазақстан құрамасының экс-бапкеріне 1,5 млрд теңге жалақы ұсынылды

Реклама
Реклама