39 жастағы маман бапкер ретінде мансабын осыдан 3 жыл бұрын ғана бастаған болатын.
«Тобыл» сапында өнер көрсеткен белгілі қорғаушы Сергей Концевой долбизнолық «Нива» клубының бапкерлік штабына енді. Ол алдағы маусымда команданың бас бапкері Павел Евсеенконың ассистенті ретінде жұмыс істейді.
39 жастағы маман бапкерлік қызметін 2023 жылы бастады. Алғашқы қадамын «Ислочь» клубында жасап, кейін «Ниваға» ауысты. Енді ол жаңа маусымда негізгі құраммен жұмыс істейді.
Сергей Концевой кәсіби футболшы ретінде көптеген клубтың намысын қорғады. Минскінің «Динамосы», «Гомель», «Савит», «Торпедо-БелАЗ» секілді ұжымдарда доп тепті. Сонымен қатар, қостанайлық «Тобыл» мен Өзбекстанның «Нефтчи» командасында ойнады.
Оқи отырыңыздар:
"МЮ" тізгінін алған бапкер белгілі