Қазақстан құрамасының экс-бапкеріне 1,5 млрд теңге жалақы ұсынылды

Сарапшы, спорт журналисі

Түркияның "Гёзтепе" клубын жаттықтыратын Қазақстан футболына жақсы таныс маман Станимир Стоилов Мәскеудің "Спартак" командасын тізгіндеуі мүмкін еді.

Қазақстан құрамасының экс-бапкеріне 1,5 млрд теңге жалақы ұсынылды
фото ашық дереккөздерден алынды

"Спартак" ұсынған жалақы қанша?

Алайда соңғы сәтте ресейлік клуб басшылығы бұл қызметке испаниялық бапкер Хуан Карлос Карседоны тағайындауды жөн көрген.

Мәліметке сәйкес, "Спартак" Карседоға бір маусым үшін 2,5 миллион еуро жалақы ұсынған. Бұл сома шамамен 1,49 миллиард теңгеге тең деп көрсетілді.

Айта кетерлігі, дәл осындай қаржы бұған дейін Станимир Стоиловқа да ұсынылған. Бірақ қорытынды шешімде мәскеулік клуб испаниялық маманды таңдаған.

Стоилов Қазақстанда қайда жұмыс істеді?

Болгариялық бапкер қазақстандық жанкүйерлерге бұрыннан таныс:

  • 2014–2018 жылдары — "Астана" клубының бас бапкері болды;
  • 2018–2019 жылдары — Қазақстан құрамасын жаттықтырды.

Станимир Стоилов 2023 жылдан бері Түркияның "Гёзтепе" командасында қызмет атқарып келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір