Реклама
Реклама

"Астананың" экс-футболшысы Шымкентке оралды

Сарапшы, спорт журналисі
06.02.2026, 11:00

Ұлттық құрамаға үміткер ойыншы енді өзінің туған клубында өнер көрсетпек.

Эльхан Астанов

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы 25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Эльхан Астановпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады. Футболшы – "Ордабасы" академиясының түлегі.

Эльхан өткен маусымда "Ордабасыға" жалға берілген еді

2025 жылғы маусымды Астанов елордалық "Астана" сапында бастап, 12 матчта алаңға шығып, бір гол соқты. Шілде айында ол жалға "Ордабасыға" ауысып, шымкенттік клуб құрамында 11 ойында 6 гол мен 1 нәтижелі пас авторы атанды. Маусым соңында жартылай қорғаушы қайтадан "Астанаға" оралған еді.

Естеріңізге салсақ, Эльхан Астанов ұлттық құрама жейдесінде 19 матч өткізіп, бір гол авторы атанған.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама