Шавкат Рахмонов спортпен қош айтысуы мүмкін - сарапшы

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда UFC-дің бұрынғы жауынгері қазақстандық файтердің қазіргі жағдайына қатысты алаңдатарлық болжамын ұсынды. 

Шавкат Рахмонов спортпен қош айтысуы мүмкін - сарапшы
Liter.kz

Шавкат Рахмоновтың спорттық мансабына қатысты жағдай алаңдатады. UFC-дің бұрынғы жауынгері Чейл Соннен қазақстандық файтердің тізе жарақатынан кейінгі қалпына келуіне қатысты өз болжамын жасады.

Қайта операция және қауіп белгілері

Сонненнің айтуынша, Рахмоновқа жасалған екінші операция инфекцияның болуы мүмкін екенін меңзейді. Мұндай жағдай спортшы үшін аса күрделі сынаққа айналуы ықтимал.

"Шавкаттың тізесіне алдымен операция жасалды, кейін тағы бір рет отаға түсті. Бұл инфекцияның белгісі болуы мүмкін. Мұндайда дәрігерге қайта оралуға тура келеді. Мен мансабы дәл осылай аяқталған спортшыларды білемін", — деді Соннен.

Ұзақ үзіліс қаупі

Сарапшының пікірінше, мәселе медиальды немесе алдыңғы айқыш байламдардың зақымдануына тірелуі мүмкін. Бұл жағдайда Рахмоновтың октагонға оралуы тағы 9–10 айға кешігуі ықтимал.

"8–11 ай өтті, енді байламдар туралы сөз болып отыр. Бұл — өте күрделі жарақат", — деп қосты ол.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді (17-1) жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір