Осы күндері Испанияның Ла-Нусия қаласында халықаралық турнир өтіп жатыр. Оған Қазақстан құрамасы да қатысуда. Кеше ерлер арасында 6 отандасымыз келесі кезеңге жолдама алды.
5 ақпан күні, Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан атынан 13 боксшы шаршы алаңға шықты.
Кезекті жарыс күні қазақстандық боксшылар үшін әркелкі болды. Жеті спортшы медаль үшін күресті жалғастыру құқығына ие болса, алтауы жарыс жолынан шығып қалды.
Ерлер арасында келесі кезеңге өткендер:
Әйелдер арасында Назерке Серік (65 кг) келесі кезеңге өтті.
Сонымен қатар, Серік Теміржановтың (60 кг) жеңілісі күннің басты сенсацияларының бірі болды.
Айта кетейік, Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 7 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы алдағы күндері медаль үшін күресін жалғастырады. Бұған дейін Айбек Оралбай ел қоржынына мерзімінен бұрын медаль салғанын хабарлаған едік.