Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Махмұд Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде ширек финалдық жекпе-жегін өткізді.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сабырхан швециялық Элвин Ванукагамен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы кездесуді басынан аяғына дейін бақылауда ұстап, үш раундтың бәрін сенімді түрде өз пайдасына жазды.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен Махмұд Сабырханның жеңісін тіркеді.
Бұл жеңіс Сабырханға турнирдің кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етті. Яғни ол Boxam Elite-2026 жарысында медаль иегері атанып үлгерді.
Махмұд Сабырхан — халықаралық аренасында өзін дәлелдеген саңлақ. Ол:
Айта кетейік, бұл дода — Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкер Нұржан Нәсанов жетекшілігіндегі алғашқы ресми старты. Ол бұл қызметте Қайрат Сәтжановтың орнын басты.
Испаниядағы Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 7 ақпанда мәресіне жетеді.