Жуырда "Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородов футбол клубтарының жаппай жекешелендірілуіне қатысты өз ойын ортаға салған болатын.
Қазақстан ұлттық құрамасының және "Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородов елдегі футбол клубтарының жаппай жекешелендірілуіне қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы "Футбол жолы" YouTube-арнасы хабарлады.
Максим Самородовтың айтуынша, Қазақстан Премьер-лигасы клубтарының жеке қолға өтуі — дұрыс әрі уақыт талабына сай шешім.
"Қазір ҚПЛ-дегі көптеген клуб жеке меншікке өтіп жатыр. Менің ойымша, бұл — дұрыс бағыт. Үлкен жұлдыздар келеді, соның нәтижесінде чемпионаттың көрермендік деңгейі артады", — деді футболшы.
Сондай-ақ Самородов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел футболының дамуына көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдірді.
"Шын мәнінде, президентке алғыс айтамын. Барлық клубтарды стадион салуға міндеттегені — өте дұрыс қадам", — деп қосты ол.
Айта кетейік, өткен күзде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық футбол клубтарын жекешелендіру туралы тапсырма берген болатын. Осы шешімнен кейін: