Соңғы АПЛ матчында өзбекстандық футболшы өз командасына "Ливерпульді" жеңуге көмектескен еді.
Журналист Джеронимо Морганс Өзбекстан құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының қорғаушысы Абдукодир Хусановтың "Ливерпульге" қарсы матчтағы жанқиярлық ойынына жоғары баға берді.
Ағылшын Премьер-лигасының 25-туры аясындағы кездесуге пікір білдірген Морганс 21 жастағы футболшының ойын барысындағы әрекеттерін ерекше атап өтті. Матч кезінде жарақат алғанына қарамастан, Хусанов кездесуді жалғастырғысы келген. Журналист өзінің жарияланымында былай деп жазды:
"Ол жарақат алса да, соған қарамастан ойынды жалғастырғысы келді. Командаға көмектескісі келді. Абдукодир Хусанов, сен – менің сарбазымсың, бауырым. Өзбекстанның мақтанышы. Болаттай берік адам".
Хусанов "Манчестер Сити" сапында негізгі құрамда алаңға шықты. Кездесу "қалалықтардың" 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Алайда өзбекстандық қорғаушы үшін матч ерте аяқталды — ол 61-минутта жарақат алып, алаңнан ауыстырылды.

Жарақат доп үшін күрес кезінде "Ливерпуль" шабуылшысы Коди Гакпомен болған эпизодта орын алды. Қарсыластың шабуылы кезінде Хусанов қақпадан шығып допты тосуға ұмтылған өз командасының қақпашысы Джанлуиджи Доннаруммамен соқтығысты. Қақтығыстан кейін қорғаушы көгалда жатып қалды, алаңға медициналық бригада шықты.
"Манчестер Сити" командасының бас бапкері Пеп Гвардиола дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, ойыншының денсаулығына қауіп төндірмеуді жөн көрді. Хусановтың орнына алаңға португалиялық қорғаушы Рубен Диаш шықты.
Оқи отырыңыз:
Әжіғалиев, Шайдоров. Медальге басты үміткерлеріміз бүгін сынға түседі;
Қайрат Нұртас бұрынғы UFC файтерімен кездесті;
Қазақстандық файтер әдемі нокаут жасаудың сырын бөлісті (ВИДЕО).