Өткен демалыс күндері Азат Мақсұм Ташкентте өткен Mangu Professional League 1 турнирінде бұрынғы UFC файтері Рамазан Темировпен күш сынасқан болатын.
Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас бұрынғы UFC жауынгері Азат Мақсұммен кездесті. Бұл туралы sports.kz хабарлады. Өнер иесі өзінің Instagram сторисінде Азат Мақсұмның командасымен және файтердің өзімен Ташкенттен бір ұшақпен ұшып келгенін айтады.
"Қазір жігіттермен бір ұшақпен ұшып келдік. Cәттілік тілеймін, жаңа жеңістер көп болсын", — деді Қайрат Нұртас.
Өткен демалыс күндері Азат Мақсұм Mangu Professional League 1 турнирінде бұрынғы UFC файтері, өзбекстандық Рамазан Темировпен күш сынасты. Жекпе-жек джиу-джитсу ережесімен өтіп, тең нәтижемен аяқталды.
Еске салайық, Азат Мақсұм 2025 жылы қатарынан үш жеңілістен кейін UFC ұйымынан кеткен болатын. Қазіргі таңда ол мансабын өзге промоушендерде жалғастырып жүр.