Қазақстандық ММА файтері әрі танымал актер Еркебұлан Тоқтар АҚШ-тан шығып, елге қайтып келе жатқанын мәлімдеді.
Спортшы Instagram сторисінде ұшақтан видео жариялап, сапары жайлы жанкүйерлеріне өзі айтты. Оның сөзінше, Америка Құрама Штаттарынан ұшып шығып, бір тәуліктен кейін Алматыға жетеді.
"Ал достар, мен қайтадан жолдамын, Алматыға ұшып бара жатырмын. Қазір ұшақ көтерілуге дайын. Айтпақшы, мұнда интернет бар, Wi-Fi жұмыс істеп тұр — хабарламалар келіп жатыр. Қысқасы, байланыстамын, достар. Бір тәуліктен кейін Алматыда боламын. Алла қаласа!" — деді Еркебұлан Тоқтар.

Бұған дейін Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялаған. Қазақстандық спортшы 28 наурыз күні Ереванда өтетін бокс ережесі бойынша айқасқа шығады.
Алдағы кездесуде Еркебұлан Тоқтардың қарсыласы — Қырғызстаннан келген боец Марсель. Жекпе-жек жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.