ӘЧ-2027 іріктеуіне дайындық: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықты бастады.
Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Біздің топтағы қарсыластар – Армения және Беларусь құрамалары. Кездесулер наурыз, сәуір және маусым айларына жоспарланған.
Ұлттық құраманы енді отандық маман Бегайым Қырғызбаева жаттықтырады. Жаңа бас бапкер алғашқы оқу-жаттығу жиынына 27 футболшыны шақырды.
Қақпашылар:
Ангелина Портнова ("Астерас Триполис", Грекия), Назым Исмайлова ("БИІК-Шымкент"), Виктория Зейнали ("Елімай").
Қорғаушылар:
Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – "БИІК-Шымкент"), Анастасия Власова ("Ақтөбе"), Қазына Нұрбаева ("Гурник Ленчна", Польша), Томирис Рахатжан ("Қайрат"), Александра Набокова ("Шахтер"), Кристина Шустова ("Елімай"), Аделия Бекқожина ("Жеңіс"), Анель Бланк ("Қызыл-Жар"), Анеля Сұңқарова ("Астана"), Анеля Берікова ("Будучность", Черногория).
Жартылай қорғаушылар:
Ксенья Хайрулина, Эльмира Абдулаева (екеуі де – "Қайрат"), Карина Жұмабайқызы ("Ақтөбе"), Адина Бейбіт ("Астана"), Анастасия Низамутдинова ("Енисей", Ресей).
Шабуылшылар:
Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (бәрі – "Ақтөбе"), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – "Қайрат"), Анеля Мамырова, Фәтима Сатығалиева (екеуі де – "Елімай"), Әмина Бибосынова ("Турбине Потсдам", Германия).
Наурыздың 3 және 7 күндері "Астана Арена" стадионында Қазақстан құрамасы Армения және Беларусьпен кездеседі.
Бапкерлер штабы:
- Бегайым Қырғызбаева – бас бапкер,
- Юлия Ширяева – көмекші бапкер,
- Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушысы,
- Дмитрий Колбунцов – қақпашылар жаттықтырушысы,
- Расул Маруа – сарапшы бапкер,
- Мақсат Әмірбай – бейнеоператор,
- Азамат Оспанов – дәрігер,
- Максим Дудукин және Гүлнара Закирова – массажистер,
- Жанболат Тыныбек – әкімші,
- Серік Жугралин – менеджер.
Ойындар кестесі:
- 3 наурыз 2026 | 20:00 — Қазақстан – Армения
- 7 наурыз 2026 | 14:00 — Қазақстан – Беларусь