Тағы бір клуб жекеге өтпек. FlyArystan үміткерлер қатарында

Сарапшы, спорт журналисі

Тиісті тендер ресми түрде 12 ақпанда жарияланған. Оның қорытындысы 15 жұмыс күні ішінде шығуы тиіс. 

Тағы бір клуб жекеге өтпек. FlyArystan үміткерлер қатарында
KazFootball.kz

Түркістандық "Тұран" футбол клубы жекенің қолына өтпек. Қазір тиісті  келіссөздер жүріп жатыр. Тендер 12 ақпанда жарияланған. Бұл туралы Өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. 

"Қазіргі таңда "Тұран" кәсіби футбол клубын бәсекелі ортаға беру бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Жақын уақытта бұл мәселе шешімін табады. Келісім жасалған соң нақты инвестор туралы қосымша ақпарат беріледі".

FlyArystan үміткерлер қатарында

Аталған ведомство мәліметінше, жекешелендіруге қатысуға ниет білдірген компаниялардың қатарында FlyArystan әуе компаниясы да бар.

Клубтың нарықтық құны анықталды

"Тұран" клубының нарықтық құны белгілі. Оны тәуелсіз бағалаушы — "Capital consult" компаниясы есептеген. Енді тендер қорытындысы 15 жұмыс күні ішінде шығарылады. Жеңімпаз анықталған соң келісімшарт жасалады.

Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсан айында маусымның аяқталуына және келісімшарт мерзімдерінің бітуіне байланысты жаттықтырушылар штабы мен футболшылардың еңбек келісімдері тоқтатылған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір