ӘЧ-2027 іріктеуіне дайындық: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықты бастады.

ӘЧ-2027 іріктеуіне дайындық: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
ҚФФ

Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Біздің топтағы қарсыластар – Армения және Беларусь құрамалары. Кездесулер наурыз, сәуір және маусым айларына жоспарланған.

Ұлттық құраманы енді отандық маман Бегайым Қырғызбаева жаттықтырады. Жаңа бас бапкер алғашқы оқу-жаттығу жиынына 27 футболшыны шақырды.

Қақпашылар:

Ангелина Портнова ("Астерас Триполис", Грекия), Назым Исмайлова ("БИІК-Шымкент"), Виктория Зейнали ("Елімай").

Қорғаушылар:

Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – "БИІК-Шымкент"), Анастасия Власова ("Ақтөбе"), Қазына Нұрбаева ("Гурник Ленчна", Польша), Томирис Рахатжан ("Қайрат"), Александра Набокова ("Шахтер"), Кристина Шустова ("Елімай"), Аделия Бекқожина ("Жеңіс"), Анель Бланк ("Қызыл-Жар"), Анеля Сұңқарова ("Астана"), Анеля Берікова ("Будучность", Черногория).

Жартылай қорғаушылар:

Ксенья Хайрулина, Эльмира Абдулаева (екеуі де – "Қайрат"), Карина Жұмабайқызы ("Ақтөбе"), Адина Бейбіт ("Астана"), Анастасия Низамутдинова ("Енисей", Ресей).

Шабуылшылар:

Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (бәрі – "Ақтөбе"), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – "Қайрат"), Анеля Мамырова, Фәтима Сатығалиева (екеуі де – "Елімай"), Әмина Бибосынова ("Турбине Потсдам", Германия).

Наурыздың 3 және 7 күндері "Астана Арена" стадионында Қазақстан құрамасы Армения және Беларусьпен кездеседі.

Бапкерлер штабы:

  • Бегайым Қырғызбаева – бас бапкер,
  • Юлия Ширяева – көмекші бапкер,
  • Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушысы,
  • Дмитрий Колбунцов – қақпашылар жаттықтырушысы,
  • Расул Маруа – сарапшы бапкер,
  • Мақсат Әмірбай – бейнеоператор,
  • Азамат Оспанов – дәрігер,
  • Максим Дудукин және Гүлнара Закирова – массажистер,
  • Жанболат Тыныбек – әкімші,
  • Серік Жугралин – менеджер.

Ойындар кестесі:

  • 3 наурыз 2026 | 20:00 — Қазақстан – Армения
  • 7 наурыз 2026 | 14:00 — Қазақстан – Беларусь
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір