Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Танымал ойыншы енді бас бапкер Талғат Байсуфиновке көмектеседі.
Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Елдос Ахметов ұлттық құрамаға оралды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан намысын қорғаған футболшы енді бас бапкер Талғат Байсуфинов бастаған жаттықтырушылар штабының мүшесі.
Жаңа қызметке тағайындалмай тұрып, Елдос Ахметов Қазақстан жастар құрамасының бапкерлік штабында қызмет еткен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Елдос Ахметов ресейлік бапкер Станислав Черчесовтың және Әли Әлиевтің тұсында ұлттық құрамада бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс жасады.
Ұлттық құрама наурыз айында Астанада өтетін FIFA Series 26 турниріне қатысады. Жарыс Астана қаласында өтеді. Талғат Байсуфинов шәкірттері
Комор аралдары құрамасына қарсы алаңға шығады. Сондай-ақ Кувейт/Намибия футболшыларымен шеберлік байқасады кездеседі.