Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысы аяқталуға жақын. Нысан сәуір айында пайдалануға берілмек.
Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа нысанды биыл көктемде, нақтырақ айтқанда сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жаңғыртудан өткен стадионның сыйымдылығы 3600 орын. Алаңның өлшемі халықаралық стандартқа сай – 105×68 метр.
Жоба авторларының мәліметі бойынша, спорт нысанында жыл он екі ай доп тебуге болады. Ішкі температура +18 градустан төмен түспейді, бұл кез келген маусымда жаттығу мен матч өткізуге мүмкіндік береді.
Футбол алаңы жасанды шөппен жабылған. Сонымен қатар нысан аумағында:
Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды реконструкциялауға 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бастапқы жоспар бойынша нысан былтыр пайдалануға берілуі тиіс еді.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі 2026 жылы өңірлер мен ірі қалаларда 121 спорт нысанын салуды жоспарлап отыр. Олардың қатарында стадиондар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері және басқа да инфрақұрылымдық жобалар бар.