ҚПЛ-2026: Бай және кедей клуб анықталды
Көш басына алматылық ұжым жайғасса, тізімді өскемендік клуб түйіндейді.
Қазақстан Премьер-лигасы-2026 маусымы қарсаңында клубтардың нарықтық құны жарияланды. Transfermarkt дерегіне сәйкес, ең қымбат құрам – алматылық "Қайратта", ал арзаны өскемендік "Алтайға" тиесілі.
Лига көшбасшылары мен аутсайдерлері арасындағы айырмашылық 9 миллион еуродан асады.
"Қайрат" – 11,95 млн еуро: лига көшбасшысы
- Ойыншылар саны: 26
- Орташа жас: 24 жас
- Легионерлер: 10
- Бір футболшының орташа құны: 460 мың еуро
Екінші орынға "Тобыл" (8,70 млн еуро) жайғасқан. Ал үшінші орында – "Ақтөбе" (8,35 млн еуро).
Еурокубок жолдамасына үміткер клубтар тобы 6–7 млн еуро аралығында орналасқан. Мәселен:
- "Елімай" – 6,88 млн еуро
- "Ордабасы" – 6,58 млн еуро
- "Астана" – 6,53 млн еуро

Ең бюджеттік клуб – "Алтай"
ҚПЛ-2026-да нарықтық көрсеткіші ең төмен клуб - "Алтай". Құрамдағы ойыншылардың құны 2 млн еуро.
- Ойыншылар саны: 35
- Орташа жас: 24,6 жас
- Легионерлер: 5
- Бір ойыншының орташа құны: 57 мың еуро
Бұл – лигадағы ең төменгі көрсеткіш. Одан сәл жоғары орналасқан клубтар тізімі мынадай:
- "Каспий" – 2,05 млн еуро
- "Ұлытау – 2,33 млн еуро
- "Жетісу" – 2,48 млн еуро
Жалпы көрсеткішке тоқталар болсақ, барлық клубтың жиынтық құны – 79,71 млн еуро. Бір команданың орташа құны шамамен 5 млн еуро болса,
бір ойыншының орташа нарықтық бағасы – 205 мың еуро.