Ағылшын Премьер-лигасында "Манчестер Ситиге" қатысты қаржылық ережелерді бұзу жөніндегі іс қызу талқылануда.
Бірқатар британдық медиа нұсқасына сай клуб кінәлі деп танылса, АПЛ-дағы кейбір чемпиондық атақтар қайта қаралуы мүмкін. Тіпті екі маусымдағы титулдың "Ливерпульге" өтуі туралы да болжам айтылды.
Бұл әңгіменің өзегі — АПЛ қойған 115 айыптау тармағы. "Сити" бұл айыптарды жоққа шығарады, ал шешімді тәуелсіз комиссия шығарады.
Әңгіме көбіне екі маусымға тіреледі:
Дәл осы екі маусымда "Сити" чемпион атанғандықтан "Егер заң бұзушылық дәлелденсе, не болады?" деген сұрақ күн тәртібіне шықты.
Sky Sports мәліметінше, АПЛ "Манчестер Ситиге" қаржылық есептілікті ұсыну, табыс/шығын деректерінің дұрыстығы, сондай-ақ тергеумен толық ынтымақтаспау секілді бағыттарда ережелер бұзылды деген күдікпен айып таққан. Іс 2009–2018 жылдар аралығын қамтиды.
Сарапшылар арасында ықтимал санкциялар кең диапазонда айтылады. Олардың ішінде ұпай шегеру, айыппұл, төменгі лигаға түсіру/лига статусын өзгерту секілді ауыр жазалар да талқыланады.