Реклама
Реклама

Максим Самородов "Ахматқа" маңызды ұпай сыйлады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
09.03.2026, 21:25

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының 20-турында "Ахмат" үшін гол соғып, командасына тең нәтиже алып берді.

instagram/@samorodov_10_

Самородов "Ахматтың" екінші голын соқты

"Ахмат" Мәскеуде "Локомотивпен" ойнады. Грозныйлықтар қысқа уақыт ішінде екі рет дәл соққы жасады. Әуелі 23-минутта Георгий Мелкадзе айып добынан есеп ашты. Араға үш минут салып Максим Самородов нәтижелі соққысымен командасының басымдығын арттырды.

Алаң иелері бірінші тайм аяқталар тұста есеп айырмасын қысқартты. Қосымша минуттарда қорғаушы Лукас Фассон мергендік танытты.

Екінші тайм басталғаннан кейін "теміржолшылар" таразы басын теңестірді.

Ғалымжан Кенжебек қосалқы құрамнан шықты

Айта кету керек, Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Ғалымжан Кенжебек бұл матчты қосалқы құрамда бастады. Қысқы трансферлік кезеңде "Ахматқа" ауысқан вингер екінші таймда Максим Самородовтың орнына ойынға қосылды.

Қазір "Локомотив" РПЛ турнир кестесінде 41 ұпаймен үшінші орында тұр. Ал "Ахмат" болса, 26 ұпаймен тоғызыншы сатыға жайғасқан.

Реклама
Реклама