Реклама
Реклама

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясынан кетеді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:15

Соңғы жұмыс күні 11 наурыз яғни ертең.

kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория қызметінен кетеді. Ресми түрде соңғы жұмыс күні 11 наурыз күні екені белгілі болды. 

Фото: asnews.kz

Дәл осы күні ҚФФ Атқару комитетінің кезектен тыс отырысы өтеді. Сол жиында Давид Лорияның қызметінен кетуі туралы шешім ресми түрде бекітіледі.

Сондай-ақ Атқару комитетінің отырысында бас хатшының міндетін уақытша атқаратын тұлға тағайындалады.

Федерация құрылымында өзгерістер болуы мүмкін

Бұған дейін федерация құрылымында тағы бір өзгеріс болуы мүмкін екені хабарланған. Атап айтқанда, вице-президент қызметін қайта енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл лауазым өткен жылы федерация құрылымынан алып тасталған болатын.

Давид Лория туралы

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметіне 2025 жылдың 2 сәуірінде тағайындалды.

Ол бұған дейін кәсіби футболшы ретінде танылған. Лория Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 46 матч өткізді.

Реклама
Реклама