Реклама
Реклама

"Қайрат" ойыншылары Финляндия құрамасына шақырылды

Сарапшы, спорт журналисі
18.03.2026, 10:30

Алматылық "Қайрат" клубының легионерлері фин футболшылары Яакко Оксанен және Ойва Юккола Финляндия ұлттық құрамасына шақырту алды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: AFP

Наурыз айында Финляндия құрамасы FIFA Series 2026 турнирі аясында Жаңа Зеландияда екі кездесу өткізеді:

  • 27 наурыз - Жаңа Зеландияға қарсы
  • 30 наурыз - Кабо-Верде құрамасына қарсы

Екі матч та Окленд қаласындағы “Иден Парк” стадионында өтеді. Осыған дейін Яакко Оксанен 2023 жылы Финляндия ұлттық құрамасында Эстонияға қарсы жолдастық кездесуде дебют жасаған. Ал Ойва Юккола 2025 жылы Финляндия жастар құрамасымен Еуропа жастар чемпионатында Дания құрамасына қарсы матчта ойнады.

“Қайрат” ойыншыларының трансфері

Яакко Оксанен алматылық клубқа 2025 жылдың 15 желтоқсанында Финляндияның “КуПС” командасынан ауысып келген. Ойва Юккола “Қайрат” сапына 2026 жылдың 11 ақпанында Финляндияның “Ильвес” клубынан қосылды. Екі ойыншымен де келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін есептелген.

Бұл шақырту Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген футболшылардың деңгейі халықаралық аренада да бағаланып жатқанын көрсетеді.  Аталған турнир ойындарына Қазақстан құрамасы да қатысады. Жоспарланған ойындар 25-28 наурыз аралығында елордамызда “Астана Арена” стадионында өтеді. Ұлттық құрамаға шақырылған футболшылардың нақты тізіміне 26 ойыншы енді. Кувейт құрамасының ойыннан бас тартуына байланысты бірінші матчта отандастарымыз Намибия құрамасымен, ал екінші кездесуде Коморға қарсы ойнайды.

  • 25 наурыз –  Қазақстан vs Намибия
  • 28 наурыз – Намибия және Комор аралдары
  • 31 наурыз – Қазақстан vs Комор аралдары.

Үш матч та сағат 17:00-де өтетін болады.

Реклама
Реклама