"Будё-Глимт" ертегісі Лиссабонда аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Лиссабонның "Спортинг" клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарымта матчта керемет ойын көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.

"Будё-Глимт" ертегісі Лиссабонда аяқталды
masslive.com

Ғажайып камбэк

Португалиялықтар өз алаңында "Будё-Глимтті" 5:0 есебімен тас-талқан етті. Осылайша екі матч қорытындысы бойынша "Спортинг" 5:3 нәтижесімен келесі кезеңге шықты.

Алғашқы таймнан-ақ алаң иелері ойынды толық бақылауына алды. 34-минутта Гонсалу Инасиу бұрыштамадан асырылған допты дәл бағыттап, есеп ашты. Нәтижелі пасты Франсишку Тринкан орындады.

Үзілістен кейін "Спортинг" шабуылды үдетіп, Педру Гонсалвеш командасының екінші голын соқты. Артынша алаң иелері пенальти мүмкіндігін мүлт жібермей, есепті 3:0-ге жеткізді.

Осы есеп екі матчтағы жалпы нәтижені теңестіріп, ойын қосымша уақытқа ұласты.

Бәрі қосымша уақытта шешілді

Экстра-таймда "Спортинг" норвегиялықтарға еш мүмкіндік берген жоқ. Португалиялық клуб тағы екі мәрте мергендік танытып, матчты 5:0 есебімен аяқтады. Осылайша лиссабондық ұжым керемет камбэк жасап, Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан алғашқы команда атанды.

Енді "Спортинг" Чемпиондар лигасының 1/4 финалында "Арсенал" мен "Байер" жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір